logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Тараз оқушылары IOAI 2026 халықаралық олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті!

07 тамыз 2026 15:55

Астана қаласында өткен Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадада (IOAI 2026) Қазақстан ұлттық құрамасының сапында бақ сынаған Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үш оқушысы да жүлдегер атанды. Жас зияткерлер ел қоржынына үш қола медаль салды. 🥉🥉🥉

Тараз NIS оқушылары Исламнұр Құсайынов, Дінмұхаммед Ынтықбай және Ұлықбек Усманов жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, биылғы халықаралық додаға 106 елден 400-ден астам оқушы қатысып, жасанды интеллект саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын сынады.

Олимпиаданың ашылу салтанатына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, жасанды интеллектіні меңгерген жаңа буынды қалыптастырудың маңызын атап өтті.