logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Тараз педагогтері ECER 2026 халықаралық конференциясына қатысты

20 тамыз 2026 15:57

2026 жылғы 17–21 тамыз аралығында Финляндияның Тампере қаласында білім беру саласындағы ірі халықаралық ғылыми алаңдардың бірі — ECER 2026 конференциясы өтті.

Конференцияға әлемнің 70-тен астам елінен зерттеушілер мен ғалымдар қатысып, білім беруді дамыту, заманауи зерттеу әдістері, оқыту тәжірибесін жетілдіру және педагогикалық зерттеулердің жаңа бағыттарын талқылады.

Халықаралық іс-шара аясында NIS Тараз педагогтері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынып, халықаралық сарапшылар мен әріптестер алдында тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар кәсіби пікір алмасып, білім беру саласындағы заманауи зерттеу тәсілдерімен танысты.

Педагогтердің зерттеу жұмыстары STEM білім беру аясында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту, олардың ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыру, сондай-ақ EMI сыныптарында оқушылардың метатанымдық дағдыларын қалыптастыру бағыттарын қамтиды.

ECER 2026 конференциясына қатысу — NIS Тараз педагогтерінің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттырып, халықаралық білім беру қауымдастығымен кәсіби байланыстарын нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Фотогалерея

image-