Жаңалықтар
🌱Дінмұхаммед Ынтықбай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма Төрағасымен кездесті.
04 қыркүйек 2026 16:09
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Дінмұхаммед Ынтықбай «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрағасы Әнуар Қанатұлы Жанғозинмен кездесті.
🌱 Кездесу барысында Басқарма Төрағасы жас зияткерді халықаралық олимпиадалардағы жоғары нәтижесімен құттықтады. Ел намысын халықаралық деңгейде абыроймен қорғап жүрген Дінмұхаммедке алдағы оқуында және жаңа білім додаларында толағай табыстар тіледі.
🌱 Білімге деген құштарлық, табандылық пен үздіксіз ізденіс – үлкен жетістіктердің бастауы. Дінмұхаммедтің бұл кездесуі оның зияткерлік биіктерге ұмтылысын одан әрі нығайтып, жаңа мақсаттарға жігер берген тағылымды сәт болды.
🌱 Жас зияткердің әрбір жетістігі – Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғана емес, бүкіл еліміздің абыройын асқақтататын жарқын жеңіс! 🇰🇿