Жаңалықтар
🌱NIS Тараз ұстазы «Жеңіске жетелеуші» төсбелгісімен марапатталды
04 қыркүйек 2026 10:54
Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Мирлан Джусамбаев «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Жеңіске жетелеуші» төсбелгісімен марапатталды.
Аталған төсбелгі желілік, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындап, жоғары нәтижеге қол жеткізген педагогтер мен тәлімгерлерге табысталады.
Ұстаздың кәсіби еңбегі мен заманауи білім беру ісіне қосқан үлесі бұған дейін де жоғары бағаланған. 2024 жылы TikTok компаниясы Мирлан Джусамбаевты «Орталық Азиядағы үздік креативті білім контентінің авторы» деп таныды.
Ал 2023 жылы ол «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімі» атанса, 2024 жылы «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының ТОП-10 финалисі қатарынан көрінді.
🌱 Сонымен қатар, 2026 жылы TikTok платформасы дәстүрлі түрде ұйымдастыратын #ҚазақстанМұғалімдері байқауында еліміздегі ең үздік әрі шабыттандыратын ұстаздар қатарына енді.
Мирлан Джусамбаевты мәртебелі марапатымен құттықтаймыз!
Шәкірттеріңізбен бірге жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыра беріңіз! 🌟