Жаңалықтар
🌱Әулиеата рухының бір көрінісі
09 қыркүйек 2026 11:09
Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Жамбыл облысының шығармашылық өкілдері мен қолөнер шеберлерін біріктірген «Асқақ рухты Әулиеата» атты ауқымды жәрмеңке өтті.
Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге қосымша білім беру педагогі Индира Құрманқұлова қатысып, өзінің авторлық керамикалық бұйымдарын таныстырды. Сонымен қатар, қонақтарға керамика өнері бойынша шеберлік сағатын өткізді. 🏺✨
Шеберлік сағатына қатысушылар саз балшықпен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен керамикалық бұйым жасап көруге мүмкіндік алды. Бұл – ұлттық қолөнерді дәріптеп қана қоймай, шығармашылық дәстүрді жас ұрпаққа жеткізудің тамаша жолы.
Жәрмеңкеге Жамбыл облысынан 50-ден астам креатор қатысып, керамика, ағаш, былғары, киіз, зергерлік бұйымдар, ұлттық киім, кескіндеме, мүсін және заманауи шығармашылық жобаларды қамтитын 10 мыңға жуық туынды ұсынылды.
Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі жәрмеңке алаңымен танысып, шеберлердің жұмыстарын тамашалады.
Индира Құрманқұлованың бұл жәрмеңкеге қатысуы – Жамбыл өңіріндегі керамика өнерін кеңінен танытуға, қолөнерге деген қызығушылықты арттыруға және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған маңызды қадам.
🌿 Әулиеатаның асқақ рухы – өнерде, еңбекте және ұрпаққа жалғасқан дәстүрде!