Жаңалықтар
🌱NIS Тараз оқушыларының жобасы стартап-байқаудың жеңімпазы атанды!
15 қыркүйек 2026 11:12
Жақында Zhambyl Hub алаңында өткен Pizza Pitch стартаптар байқауында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Шейхислам Нұрмұхамедұлы және Нұрсұлтан Сериков әзірлеген ORKEN жобасы 1-орынды жеңіп алып, 150 000 ₸ көлеміндегі бас жүлдеге ие болды! 👏✨
Шейхислам сонымен қатар Columbia University ұйымдастырған EASL 2026 байқауының финалисі.
Зияткерлер— мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттардың өмір сапасын жақсартуға арналған жаңа буынның жұмсақ интеллектуалды (soft) экзоскелетін ойлап тапты.
Қазіргі таңда Қазақстанда церебралды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан 17 000-нан астам бала мен бұлшықет әлсіздігінен зардап шегетін 1,8 млн-нан астам қарт адам бар.
Дәстүрлі оңалту орталықтарында кезек айлап созылады.
Шет елдік қатты экзоскелеттердің бағасы тым қымбат ($30 000 – $100 000).
ORKEN экзоскелеті қалай жұмыс істейді?
Құрылғы адамның орнына қадам жасамайды, керісінше бұлшықет тонусын сақтау үшін адамға табиғи қадам жасауға көмектеседі:
1️⃣ EMG-датчиктер қозғалыс басталмай тұрып-ақ бұлшықеттің керілуін сезеді.
2️⃣ ESP32 микроконтроллері тура қадам жасау сәтінде табанды бірқалыпты көтеріп, аяқтың сүйретіліп қалуына жол бермейді.
3️⃣ : Құрылғыны небәрі 2 минутта киюге болады. Аккумулятор арқылы дербес жұмыс істейді және сымдарды талап етпейді.
🎯 Дайын прототип Алматыдағы «Наследие» оңалту орталығында сәтті сынақтан өтті!
Бұл балалар үшін өте тиімді, себебі экзоскелет баланың өсуіне қарай бейімделеді.
Жетекшілері: Инна Аксенова мен Максим Рыбалкинді құттықтаймыз!
🚀 Қазіргі уақытта команда 10 құрылғыдан тұратын алғашқы пилоттық партияны шығаруға дайындалып жатыр.
Жас өнертапқышымыз Нұрсұлтан мен Шейхисламды және ORKEN командасын жеңісімен куттықтаймыз! ✊🇰🇿