logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱PLC – (professional learning community)- педагогтің кәсіби даму құралы ретінде

16 қыркүйек 2026 11:18

Тараз қаласындағы NIS-Педагогикалық кеңесте « PLC – (professional learning community)- педагогтің кәсіби даму құралы ретінде сұрағы қарастырылып, мұғалімнің кәсіби дамуы мен мектептің даму бағыттарының айқындауда кәсіби оқу қауымдастығын құрудың маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы талқыланды.

Мектеп директорының орынбасары Алия Жусанбаева педагогтерді мектепте мұғалімнің зерттеу қызметін ұйымдастырудың өзгертілген жүйесімен және 2026-2027 оқу жылындағы мектепте құрылған зерттеу топтарының мақсат, міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар педагогикалық кеңес аясында өткен оқу жылындағы халықаралық конференцияға қатысқан мұғалімдер өз әріптестермен халықаралық білім саласындағы жаңа зерттеу бағыттары туралы тың ақпарттармен бөлісті.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-