logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Таразда NIS RUN отбасылық жүгіру марафоны өтті

12 қыркүйек 2026 15:31

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде алғаш рет NIS RUN отбасылық жүгіру марафоны өтті.

Спорттық шараға Тараз қаласынан 700-ге жуық отбасы қатысып, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Марафонның басты мақсаты – отбасы мүшелерінің бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік жасау, отбасылық құндылықтарды нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс жеңімпаздарын әлем және Азия чемпионы, халықаралық және ұлттық жарыстардың жүлдегері Асланбек Шымбергенов марапаттады.

Марапаттау рәсіміне мектеп директоры Гүлнұр Мақсұтова, Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Олжабаев және ата-аналар комитетінің төрайымы Гульмира Есжанова да қатысты.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, отбасымен бірге осы спорттық мерекеге атсалысқандары үшін алғыс білдіреміз! 🏃‍♀️🏃‍♂️

Әр отбасыға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, отбасылық бақыт пен береке тілейміз! Спорт арқылы достығымыз нығайып, осындай жарқын шараларда қайта жүздескенше!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-