Жаңалықтар
Қалмұхаммед Жұмабек Cornell университетіне шақырту алды!
25 ақпан 2025 13:55
Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) оқушысы Қалмұхаммед Жұмабек әлемге әйгілі Корнелл университетіне оқуға түсті. АҚШ-тың Ivy League қауымдастығына кіретін бұл беделді жоғары оқу орны өзінің сапалы білімімен және инновациялық жетістіктерімен танымал.
Қалмұхаммедтің бұл үздік жетістігі оның академиялық көрсеткіштерінің, табандылығы мен көшбасшылық қасиеттерінің нәтижесі.
Мектеп өмірінде IELTS 8.0 балл жинап, түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанды. Сонымен қатар, Қалмұхаммед экологиялық және технологиялық стартаптар байқауларында ерекше жобалар ұсынып, «GCIP» және «ISPC» сияқты ірі жарыстарда жеңімпаз болды.
Ivy League – АҚШ-тың солтүстік-шығысында орналасқан беделді сегіз жеке университеттің қауымдастығы, ол әлемнің үздік оқу орындары қатарында. QS World University Rankings және Times Higher Education деректері бойынша Корнелл университеті жаһандық деңгейдегі ең үздік университеттердің қатарынан түспей келеді.
Қалмұхаммед өзінің жетістігі үшін ұстаздары мен мектебіне алғыс білдіріп, олардың қолдауы мен берген білімінің арқасында өзінің әлеуетін толықтай жүзеге асыра алғанын айтады. Әрі қарай жоғары инженерлік мамандықты игеріп елімізді дамытуға дайын!