Жаңалықтар
«Umit» командасы Disrupt байқауында жеңіске жетіп, шетелдік инкубацияға жолдама алды
25 ақпан 2025 14:04
Қазақстандық «Umit» командасы беделді Disrupt байқауында жеңіске жетіп, өз стартапын дамыту және оқыту мақсатында шетелдік инкубаторға жолдама ұтып алды. Команданың құрамында Жазықбай Әли, Тәжіхан Қанат, Қалдыбай Барысхан және Тәжіхан Мәди бар.
Бұл инкубатор стартапқа шетелдік сарапшылармен тікелей жұмыс істеуге, жобаны жетілдіруге және оны нарыққа шығаруға дайындалуға бірегей мүмкіндік береді. Бағдарлама жас кәсіпкерлерге жобаларын ауқымды деңгейге шығарып, халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті етуге көмектеседі.
Сонымен қатар, қатысушылар табысты CEO мен ірі IT-компаниялардың өкілдерімен тәжірибе алмасып, өз стартаптарының бизнес-стратегиясын жетілдіруге мүмкіндік алады. Мұндай ауқымды қолдау стартаптың әлеуетін арттырып, оны әлемдік деңгейге шығаруға ықпал етпек.