logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱Көшбасшылар форумы: «Еңбегі адал – жас өрен».

26 наурыз 2025 10:45

⚜️ Болашақ – еңбекқор жастардың қолында! 

Жұмысшы мамандықтар жылына орай,Тараз қаласы НЗМ-де  жас көшбасшыларға арналған ерекше форум өтті.  

🔹 Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру және кәсіби бағдар беру. 

 Көшбасшылар форумында оқушылар еңбек пен кәсіптің маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.  

💡Танымдық кездесулер барысында олар өз ісінің нағыз шеберлерімен жүздесіп, олардың табысқа жету жолдарын тыңдады. Әрбір қонақтың әңгімесі – адал еңбек пен қайсарлықтың айқын дәлелі болды. 

🗣 Ашық диалог алаңында оқушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, болашақ мамандық таңдау туралы маңызды сұрақтарға жауап алды. 

Бұл форум – жас көшбасшылардың болашаққа деген сенімін арттырып, еңбекке деген құрметін еселей түскен ерекше алаң болды. 

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-