Жаңалықтар
🌱Нұрасыл – STEMCO жеңімпазы
26 наурыз 2025 10:52
11-сынып оқушысы Серіков Нұрасыл, Сингапурда өткен халықаралық STEMCO олимпиадасында жеңімпаз атанды, үздіктер қатарында болып, үш медаль жеңіп алды. Оның жетістіктері мен қажырлы еңбегі еліміз бен мектебіміздің мақтанышы болып табылады.
Оның қоржынында физика пәнінен алтын медаль, ал химия мен биология пәндерінен қола медальдар бар. Бұл жеңістер оның ғылым саласындағы терең білімін ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі ойлау, талдау және шығармашылық қабілеттерін де дәлелдейді.
Біз «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктердің мұғалімдеріне, сабақтар мен сабақтан тыс шаралар кезінде оқушылардың таланты мен әлеуетін ашудағы қажырлы еңбектеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.
Нұрасылдың жетістігі – біздің мұғалімдеріміздің қажырлы еңбегі мен шабыт беретін оқытушылығының жарқын нәтижесінің айғағы!