Конкурс жөнінде хабарлама
Конкурс жөнінде хабарлама
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2027 – 2028 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау және конкурсты өткізу мерзімдерін жариялайды.
Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23-қараша мен 28-желтоқсан (қоса алғанда) аралығында:
eGov.kz веб-порталы арқылы тәулік бойы 2026 жылғы 23-қараша сағат 09:00-ден бастап 28-желтоқсан сағат 18:00-ге дейін, техникалық үзілістерді қоспағанда;
Назарбаев Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.
Кешенді тест 2027 жылғы 26, 27 наурыз күндері өтеді
Кешенді тесттің өту мерзімі | Тест | Тесттің ұзақты-лығы | Кешенді тесттің нәтижесі | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі |
26 наурыз 2027 жыл | Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті: - Сандық сипаттамалар - Жаратылыстану | 120 минут | Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі Жұмыс органымен шығарылады |
27 наурыз 2027 жыл | Тілдік тест: | 120 минут |