logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Мектеп туралы

НЗМ Түркістан

НЗМ Түркістан

Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2021 жылдың 26 қарашасында салтанатты түрде ашылды. Мектепте қазақ тіліне, әдебиеті мен өнеріне ерекше көңіл аударылған. «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының қолдауымен жабдықталған «Тіл-қазына» кешені осы миссияны орындауға көп септігін тигізеді деп күтілуде. Мұнда жас зияткерлер қазақ жазушылары мен ақындарының, алаш қайраткерлерінің таспадағы шынайы дауысын тыңдап, қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді тамашалай алады.