logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

Өңірлік олимпиада

Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп және «Білім-инновация» лицейінің ұйымдастыруымен 6 сыныптарға арналған математика пәнінен олимпиаданың ІІ кезеңіне арналған тапсырма

1. a) 2025 санын бірнеше (екіден кем емес) қатар орналасқан натурал сандардың қосындысы түрінде көрсетіңіз (кемінде 3 мысал келтіріңіз).[3]

б) Бұл қосындыны 63-тен көп қосылғыштан тұратындай етіп құруға бола ма, анықтаңыз.[2]

2. 4×4 квадраты 16 торға бөлінген. Бұл торларды қара және ақ түстермен бояңыз, әр қара тордың үш ақ көршісі, ал әр ақ тордың бір ғана қара көршісі болатындай етіп, торларды қара және ақ түсімен бояңыз. (Көршілер деп ортақ қабырғасы бар торларды атаймыз.)[3]

 

3. Жазғы лагерьде 70 бала бар. 27 бала драма үйірмесінде, 32 бала хорда ән айтып, 22 бала спортпен шұғылданады. Драма үйірмесінде хордың 10 қатысушысы, хорда 6 спортшы, ал драма үйірмесінде 8 спортшы бар; 3 спортшы драма үйірмесіне де, хорға да қатысады. Хорға қатыспайтын, спортпен шұғылданбайтын және драма үйірмесіне қатыспайтын қанша бала бар?[4]

 

4. Маша тақтаға 10 сан жазды. Паша кез келген 9 санның қосындысы тақ екенін байқады. Барлық жазылған сандардың қосындысы тақ па, әлде жұп па?[4]

 

5. Суық су кранын ашқанда, ванна 10 минутта толады, ал ыстық су кранын ашқанда 15 минутта толады. Егер тығынды шығарып тастаса, ванна 12 минутта босайды. Екі кранды да ашып, тығынды шығарып тастаса, ванна қанша уақытта толатынын анықтаңыз.[4]

Марк-схема