logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Хабарландырулар

«Тұрғын емес үй-жайларды мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы» хабарландыру

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы үшін

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы , мекенжайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, №13 ғимарат, Филиалдың тұрғын емес үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы хабарлайды.

№ р/с

Үй-жайдың атауы

Жалпы ауданы (шаршы метр)

Қызметтің бір сағаттық құны (теңге)

1

Шағын спорт залы

208,0

9 000,00

2

Футбол алаңы

5 400,0

16 000,00

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жалға алушылар Филиалдың мына мекенжайына тек бір баға ұсынысын ұсынады: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, №13 ғимарат. Баға ұсынысында төменде көрсетілген құжаттар болуы тиіс.

Объектіні жалға беру туралы мәселені қарау үшін әлеуетті жалға алушылар Жалға берушіге бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен расталған (бар болған жағдайда) жазбаша өтінімді мөрленген конвертте ұсынады.

Өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  1. Әлеуетті жалға алушының атауын, заңды мекенжайын (заңды тұлғалар үшін), жеке куәлігінің нөмірін (жеке тұлғалар үшін) және банктік деректемелерін қамтитын байланыс деректері;

  2. жалға алу мақсаты;

  3. жалға алу мерзімі;

  4. әлеуетті жалға алушының үлгілік шарт жобасының талаптарымен және осы Қағидалармен танысқанын әрі келісетінін растауы;

  5. ұсынылатын жалдау ақысы. Оның мөлшері тұрғын емес үй-жайды жалға беру құнынан төмен болмауы тиіс;

  6. хабарландыруда осындай талап көрсетілген жағдайда, әлеуетті жалға алушы объектіні жалға алу шеңберінде көрсететін ілеспе қызметтердің түрлері;

  7. хабарландыруда осындай талап көрсетілген жағдайда, болжамды инвестицияларды, объектіге бөлінетін және бөлінбейтін жақсартулар жүргізу жөніндегі жұмыстарды және өзге де ұсыныстарды қамтитын техникалық ерекшелік.

Өтінімге төмендегі құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері немесе egov.kz электрондық үкімет порталының ақпараттық жүйесінен алынған анықтамалар қоса беріледі:

  1. Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе техникалық ерекшелік талаптарына не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру құқығын растайтын өзге құжат;

  2. Жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бар болған жағдайда), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат және мекенжай анықтамасы.

info@trk.nis.edu.kz