Жаңалықтар
🌱📚 NIS ТҮРКІСТАН ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫН ҚАРСЫ АЛДЫ
02 қыркүйек 2025 09:00
📚Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Білім күні мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Зияткер ұрпақ – жарқын болашаққа қадам» атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті.
🔰Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік Туының енгізілуімен басталып, Әнұран орындалды. Мектеп директоры Айдын Елеусізұлы Түсупжанов жиналған қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
🔰Жаңа оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 7-сынып оқушылары ортаға шақырылды. Бұл – олардың жаңа өмір кезеңіне қадам басқанын білдіретін маңызды рәсім.
🔰Биыл «Өркен» білім беру грантын жеңіп алған 130 оқушы 7-сыныпқа қабылданды. Бұл олардың табандылығы мен еңбегінің, ата-аналарының сенімінің айқын жемісі болды.
🔰Сонымен қатар, салтанатты жиында еңбегі еленген ұстаздарға да құрмет көрсетілді.
Құрмет грамотасымен – Жолдасов Серік Сағатұлы, Алғыс хатпен – Каримова Адалатхан Муслимовна және Нұралы Асхат Талғатұлы марапатталды.
🔰2025-2026 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу мәртебесі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында оқу үшін , «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері бойынша , ең жоғары балл жинаған 7-сынып өрендері.Атап айтар болсақ - 1351 балл жинаған өреніміз - Берік Биболсын Жомартұлы және де 1338 балл жинаған өреніміз - Жанғалиқызы Арайға берілді.
Бұл марапаттар – ұстаздардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбегінің дәлелі.
📚Жаңа оқу жылында мектебіміздің ұстаздар қауымына – шығармашылық табыс, ал оқушыларға – жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!