Жаңалықтар
🌱📌Жаңадан келген қызметкерлер мен мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары
03 қыркүйек 2025 16:27
◽️Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер мен мұғалімдерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – жаңа әріптестерімізді мектептің ішкі тәртібімен, жұмыс үдерісімен және қауіпсіздік ережелерімен жан-жақты таныстыру болды.
◽️Кездесуде қауіпсіздік жөніндегі инспекторы Мұхамедәлі Еренұлы мектептің ігіндегі қауіпсіздік жөнінде ақпарат берсе, кадр ісі жөніндегі менеджер Жазира Наурызбаева мектептің күн тәртібін, сабақ пен жұмыс уақытының ерекшеліктерін, ережелерді сақтау талаптарын егжей-тегжейлі айтып өтті. Сонымен қатар, мектептің ішкі мәдениеті, педагогикалық әдеп нормалары және қызметкерлердің сыртқы келбетіне қойылатын талаптар түсіндірілді.
◽️Жаңа ұстаздар мен қызметкерлер мектептің негізгі құндылықтары мен дәстүрлерімен танысып, өздерін үлкен әрі тату ұжымның бір бөлігі ретінде сезінді. Бұл кездесу олардың ортаға тез бейімделуіне және жаңа міндеттерді жауапкершілікпен атқаруына ықпал етті.