Жаңалықтар
NIS ТҮРКІСТАН ҰСТАЗЫ МӘСКЕУДЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ
23 қыркүйек 2025 12:29
Мәскеуде ХХV Халықаралық Пушкин конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл беделді шараға әлемнің 25 елінен 50 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, өздерінің кәсіби шеберлігін паш етті.
Конкурстың басты ұраны:
«Жеңіс – ол тұғыр немесе диплом емес. Ол – өзіңді жеңу, оқушыңның алға жасаған кішкентай қадамы».
Осы халықаралық форумға Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адалатхан Муслимовна қатысып, сертификат пен дипломға ие болды. Бұл – оның табандылығы мен білімге деген адалдығының айқын дәлелі.
Адалатхан Муслимовнаның жетістігі – жеке кәсіби жеңіс қана емес, бүкіл мектеп қауымдастығы үшін зор мақтаныш.
Мұғалім – тек білім беруші емес, шәкірттің жүрегіне жол таба білетін тұлға. Адалатхан Муслимованың халықаралық деңгейде мойындалуы – ұстаздық еңбектің биік үлгісі.