logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱 Түркістандағы NIS мұғалімдері Белград қаласында өтетін ECER 2025 халықаралық конференциясына қатысып жатыр

10 қыркүйек 2025 13:32

🔹Түркістан NIS мұғалімдері Еуропаның ең ірі және беделді білім беру конференцияларының бірі — 2025 жылғы Еуропалық білім беру зерттеулері конференциясына (European Conference on Educational Research, ECER) қатысып жатыр. Биыл бұл іс-шара Сербияның астанасы Белград қаласында өтіп жатыр және әлемнің көптеген елдерінен зерттеушілер мен педагогтарды біріктіріп отыр.

🔹ECER — білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге және зерттеу орталықтары мен білім беру ұйымдарының дамуының негізгі бағыттарын анықтауға арналған дәстүрлі жыл сайынғы конференция. Мұндай ауқымды іс-шараға қатысу тәжірибе алмасуға, қазіргі заманғы үрдістермен танысуға және білім беру ғылымының дамуына өз үлесін қосуға ерекше мүмкіндік береді.

🔹Биылғы конференцияда Түркістандағы NIS атынан химия пәні мұғалімдері Надыра Киргибаевна мен Нұрболат Баратұлы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Оразхановна өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде баяндама жасады. Бұл қатысу олардың кәсіби құзыреттілігін айқындап қана қоймай, мектеп ұжымының жаңа идеяларға ашықтығын және заманауи білім беру тәжірибесін белсенді енгізуге деген ұмтылысын айғақтайды

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-