Жаңалықтар
🌱🔬 Ғылыми жоба байқауының мектепішілік кезеңі өтті.
19 қыркүйек 2025 11:39
Бүгін мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік ғылыми жоба байқауының кезеңі өтті. Бұл күн – жас ғалымдар үшін өз еңбегін көрсетіп, жаңа идеяларын ұсынатын, шығармашылығын шыңдайтын маңызды сәт болды.
🔬 Жобалар мына бағыттар бойынша қорғалды:
1️⃣ Физика, техника, жер және ғарыш – жаңа технологиялар мен ғарыш сырларын зерттеу;
2️⃣ Математика, қолданбалы математика, информатика, экономика – сандық ойлау мен жаңа заманауи шешімдер;
3️⃣ Биология, химия, қоршаған орта және адам денсаулығы – табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік;
4️⃣ Әдебиет, тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) – сөз өнері мен тілдің құдіреті;
5️⃣ Тарих, этномәдениеттану, өлкетану – өткенді зерделеп, болашақты бағамдау.
⚖️ Әділқазылар алқасында мектеп ұстаздарымен бірге жоғары оқу орындарының оқытушылары мен арнайы шақырылған мамандар төрелік етті. Бұл – оқушылар үшін кәсіби сарапшылар алдында өз жобасын қорғап, нақты пікір алуына үлкен мүмкіндік болды.
🌱 Жоба қорғау барысында балалардың жан-жақты ізденісі, жаңа ойлары мен тың идеялары байқалды. Әрбір жоба – олардың еңбегінің жемісі және болашақтағы үлкен жетістіктерге бастайтын алғашқы баспалдақ.
Қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз. Сендердің ғылымға деген талпыныстарың – біздің болашағымыздың кепілі.