logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🏐 Мектепішілік волейболдан іріктеу жарысы өз мәресіне жетті

20 қыркүйек 2025 09:41

Осы аптада мектебімізде Волейболдан ұйымдастырылған мектепішілік іріктеу жарысы – тек ойын емес, нағыз ұжымдық рухты қалыптастыратын үлкен оқиға болды.

Жарыстың негізгі мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және ең бастысы, ұйымшылдық пен достықты нығайту еді. Әр команда жеңіске жету үшін барын салып ойнады, бір-бірін қолдап, жанкүйерлерімен бірге ерекше атмосфера қалыптастырды.

📌 Барлығы 18 команда қатысты:

– 9-сыныптардан – 10 команда

– 10-сыныптардан – 8 команда

Әр ойын ерекше тартысты өтті. Кейбір сәттерде ойыншылардың қуаныштан айқайлап, шаттанғаны, кейбір сәттерде жеңілістен көңіл түсіргені – спорттың шынайы эмоцияларын көрсетті. Қызу қолдау білдірген жанкүйерлер де бұл жарысты үлкен мерекеге айналдырды.

🏆 Жарыс нәтижелері:

🥇 1-орын – 10 «B» сыныбы

🥈 2-орын – 10 «М» сыныбы

🥉 3-орын – 9 «М» және 9 «Е» сыныптары

Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз. Апта бойы өткен волейбол жарысы біздің мектептің бірлігін, достығын және спортқа деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ең басты жеңіс – оқушылардың бойындағы спорттық рух пен бірлік!

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-