Жаңалықтар
🌱 Түркістандық зияткерлерге аттестат табысталды
22 қыркүйек 2025 14:43
NIS Түркістан мектебінде көптен күткен сәт – 11-сынып оқушыларының аттестат табыстау рәсімі өтті. 🎓
📚 2024-2025 оқу жылы бойынша 134 жас зияткер аяқтап, олардың ішінде 4 түлек «үздік аттестатқа» ие болды. Бұл – білімге деген адалдық пен үздіксіз еңбектің нәтижесі.
Оқушылар оқу барысында ғылыми жобаларға қатысып, түрлі республикалық және халықаралық олимпиадаларда жетістіктерге жетті. Сонымен қатар, шығармашылық, спорт және әлеуметтік жобаларда да белсенділік танытып, мектеп абыройын асқақтатты.
✨ Аттестат – тек бір кезеңнің аяқталуы емес, ол – жаңа мүмкіндіктер мен үлкен армандарға жол ашатын қадам.
Бүгінгі жас зияткерлер – ертеңгі ел үміті. Біз олардың болашағына зор сенім артамыз.
💐 Құрметті оқушылар! Армандарыңыз асқақ, алған білімдеріңіз баянды болсын!
Әрбір жаңа белеске батыл қадам жасап, еліміздің мақтанышы болатындарыңызға сенеміз.