logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱«1 – қазан Халықаралық қарттар күні»

01 қазан 2025 17:46

🔷Қазан айының алғашқы күні елімізде Қарттар күні ретінде аталып өтетіні белгілі. Бұл күн – тек қана мереке емес, аға буынға деген құрметтің, ізеттің айқын көрінісі. Өйткені қарттар – тарихтың куәгері, ұрпақтың тәрбиешісі, елдің берекесі.

🔷NIS Түркістан жатақханасының тәрбиешілері осы айтулы күнге орай тағылымы терең іс-шара ұйымдастырылды. Шараға оқушыларымыз ата-әжелерімен бірге қатысты. Осындай басқосулар жас буын мен үлкендердің арасындағы алтын көпірді жалғап, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады.

🔷Кеш барысында оқушылар жүрек тебіренткен өлеңдерін оқып, қарттарға деген ыстық ықыластарын жеткізді. Жас ұрпақтың жүрегінен шыққан әрбір шумақ ата мен әженің жүзіне қуаныш, көңіліне шаттық сыйлады. Бұл – құрметтің ең биік үлгісі.

🔷Сонымен қатар, оқушылар қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарына байланысты мазмұнды постерлер жасап, оны қорғап шықты. Әр постерде бабалар мұрасы, ұлттық тәрбиенің маңызы мен қарттардың қоғамдағы орны көрініс тапты.

🔷Ал қадірлі қонақтарымыз – ардақты ата мен әжелеріміз кештің сәнін кіргізіп, өмірден түйген тағылымды әңгімелерін айтып берді. Олардың әрбір сөзі – жас буын үшін баға жетпес өмірлік сабақ, өнеге мен өсиет.

🔷Бұл кездесудің басты мақсаты – қарттарды қадірлеу, ұрпаққа ата-баба дәстүрін дәріптеу, ұлттық болмысты сақтау. Осындай игі шаралар арқылы біз үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйренеміз.

🌿 Қарттарымыздың амандығы – біздің ең үлкен байлығымыз. Олардың ақ батасы мен жүрек жылуы – ұрпаққа сарқылмас рухани қазына.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-