Жаңалықтар
🌱📚 «Даналық бейсенбі» жобасы аясында маңызды кездесу өтті
02 қазан 2025 15:47
Бүгін біздің оқушыларымызбен ақпараттық технологиялар саласында ерекше тәжірибесі бар, еліміздің мақтанышы – Бердібаев Ерғали Тұрарбекұлы кездесті.
🌍 Ерғали Тұрарбекұлы – «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендианты, Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің магистратура түлегі (2011–2012 жж.), мамандығы – Ақпараттық технологиялар және жүйелер.
🎓 Сонымен қатар, Кореяның алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST) докторантурада білім алып, PhD дәрежесін сәтті қорғағады. Қазіргі таңда ол Оңтүстік Кореядағы Woosong университетінің профессоры.
💻 Еңбек жолында:
▪️ «Қазконтент» АҚ-да қызмет етіп жүргенде мемлекеттік органдардың ресми сайттарының рейтингін шығаратын арнайы алгоритм мен скрипт жасады. Бұл жүйе сайттардың мазмұнының өзектілігі мен толықтығын тексеріп, ай сайынғы рейтинг есебін көрсетіп отырды.
▪️ Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде IOI/ACM бағдарламалау тобына жетекшілік етті. Оның шәкірттері республикалық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
🌟 Сонымен бірге, Ерғали Тұрарбекұлы – Шымкент қаласындағы «Ontustik Bolashak» ұйымының негізін қалаушылардың бірі.
Бүгінгі кездесуде ол оқушыларға өзінің білім жолы, тәжірибесі мен өмірлік қағидаларымен бөлісіп, жастарды алға қойған мақсатынан таймай, табандылықпен оқуға және еңбектенуге шақырды.
💡 Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Әсерлі жүздесудің соңында қонаққа естелік ретінде мектебіміздің директоры Айдын Елеусізұлы NIS Түркістан бейнеленген арнайы суретті сыйлыққа табыстады.
Бұл кездесу жас ұрпақ үшін үлкен шабыт болды. Өйткені, берік білім – болашақтың кепілі!