logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱 Ұстаздар күніне орай өткен тимбилдинг шарасы

03 қазан 2025 15:51

👩‍🏫 Ұстаздар – қоғамның ең қадірлі, ең ардақты тұлғалары. Олар – жас ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, адамгершілікке, рухани тазалыққа тәрбиелейтін асыл жандар. Осындай ұлы маман иелерінің төл мерекесі қарсаңында мектеп ұстаздарына арналып ерекше форматта тимбилдинг шарасы ұйымдастырылды.

🎯 Бұл іс-шараның басты мақсаты – ұжым ішіндегі ауызбіршілікті арттыру, әріптестер арасындағы байланысты нығайту, күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарынан сәл де болса сергіп, жақсы көңіл-күй сыйлау болды.

🤝 Тимбилдинг барысында ұстаздар түрлі командаларға бөлініп, қызықты ойындар мен тапсырмаларға қатысты. Әр ойын мұғалімдердің тапқырлығын, шапшаңдығын, ұйымшылдығын шыңдауға бағытталды. Бірі логикалық ойлауды қажет ететін тапсырмаларды шешсе, енді бірі топтық әрекетке негізделген эстафеталарда өз өнерлерін көрсетті.

👏 Ұстаздар әр ойынды үлкен қызығушылықпен орындап, бір-бірін қолдап, қуанышпен демеу болды. Әсіресе, ортақ мақсатқа жету үшін мұғалімдердің бір-біріне деген сенімі мен қолдауы айқын көрінді. Бұл – нағыз командалық рухтың белгісі.

💡 Бұл шара мұғалімдерге үлкен қуат беріп, ұжымдық ауызбіршілікті одан әрі нығайтты. Әр ұстаз көтеріңкі көңіл-күймен, жаңа күш-жігермен алдағы күндерге тың серпін алды.

🌟 Ұстаздар күніне орай өткізілген бұл тимбилдинг – тек мерекелік жиын ғана емес, жүректерді жақындатқан, әріптестік қарым-қатынасты берік еткен ерекше күн болды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-