Жаңалықтар
📚 БАЙҚАУ ТЕСТІЛЕУІНЕ ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
29 қазан 2025 14:42
Түркістан қаласындағы Жаратылыстану–математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2025–2026 оқу жылына оқушыларды қабылдау мақсатында байқау тестілеуін өткізеді.
🧩 Байқау тестілеуінің құрылымы:
✅ Математика
✅ Сандық сипаттамалар
✅ Қазақ тілі / Орыс тілі / Ағылшын тілі
⏰ Жалпы ұзақтығы – 3 сағат 20 минут (үзілісті қоса алғанда)
🔢 Барлығы – 140 тапсырма
💯 Ең жоғары балл – 1300 балл
📅 Байқау тестілеуін өткізу мерзімдері:
2025–2026 оқу жылында 10 байқау тестілеу өткізу жоспарланған.
Тіркелу trialtest.nis.edu.kz сайтында онлайн жүзеге асырылады.
💳 Бір тестілеудің құны: 18 000 теңге
📍 Өтетін орын: Түркістан қаласындағы Жаратылыстану–математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
🔗 Толық ақпарат және тіркелу: trialtest.nis.edu.kz
📲 Өз мүмкіндігіңді байқап көр, болашағыңды бүгіннен баста!
