logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

География және жаһандық азаматтық апталығының қорытындысы

18 ақпан 2026 12:24

Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде География апталығы жоғары деңгейде өтті. Апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың жаһандық ойлау қабілетін дамыту, тұрақты даму қағидаттарын түсіндіру және халықаралық азаматтық құндылықтарды дәріптеу.

Апта барысында тұрақты даму мақсаттарына (SDGs) арналған танымдық алаңдар, интерактивті көрмелер және жобалық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар «Global Citizenship Promise Tree» акциясына қатысып, болашаққа қатысты өз уәделерін жазып, қоғамға қосатын үлесі туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, оқушылар әлем елдері туралы зерттеу жобаларын қорғап, олардың мәдениеті, географиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды. Шығармашылық постерлер мен презентациялар оқушылардың ізденісі мен дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Апталық «Саяхат QUIZ» интеллектуалдық ойынымен қорытындыланды. Білім сайысында қатысушылар өздерінің эрудициясын, командада жұмыс істеу қабілетін және география пәніне деген қызығушылығын танытты. Жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

География апталығы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, жаһандық жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды білім беру алаңына айналды.


Фотогалерея

image-
image-