Жаңалықтар
🤖 NIS Түркістан оқушылары — Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионатында
19 ақпан 2026 16:45
Астана қаласында өткен Central Asia FIRST Championship 2026 — Орталық Азиядағы ең ауқымды робототехника фестиваліне 5 000-нан астам оқушы қатысты. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконг елдерінен келген командалар инженерлік шешімдер, робот құрастыру, бағдарламалау және командалық жұмыс бойынша бақ сынады.
🔹 Мектебіміздің намысын FIRST Tech Challenge санатында DecodeDynamics командасы қорғады.
Команда құрамында — 4 оқушы.
Оқушыларымыз халықаралық деңгейдегі жарыста жоғары дайындықтарын, техникалық ойлау қабілеттерін және ұйымшылдықтарын көрсетті.
🔥 Чемпионат қорытындысы бойынша 16 үздік команда іріктеліп, Қазақстанның ұлттық құрамасы жасақталды.
Біз оқушыларымыздың инженерия мен технология саласындағы табандылығы мен жетістіктерін мақтан тұтамыз!