Жаңалықтар
«Two Stars» – бір сахнадағы екі буынның шығармашылық үндестігі ✨
26 ақпан 2026 08:22
Мектебімізде «Two Stars» шығармашылық жобасы өтті. Байқау форматының ерекшелігі – 1 оқушы мен мектеп қызметкерінің дуэт ретінде бір сахнада өнер көрсетуі.
Кеш барысында домбыраның күмбірі, әсерлі вокалдық орындаулар, би нөмірлері мен сахналық қойылымдар ұсынылды. Әр жұп өзара үйлесімділігін, сахна мәдениетін және тыңғылықты дайындық деңгейін көрсетті. Қатысушылардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Жоба тек шығармашылық алаң ғана емес, мектеп қауымдастығы арасындағы серіктестікті нығайтатын маңызды бастамаға айналды. Бір сахнада түрлі буын өкілдерінің өнер көрсетуі – өзара сенім мен қолдаудың нақты көрінісі.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар алғыс хаттармен және арнайы номинациялармен марапатталды.
«Two Stars» – шабыт, жауапкершілік және бірліктің жарқын үлгісі 🌟


