logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Таңғы жиын: жетістіктер қорытындыланды

02 наурыз 2026 09:01

Бүгін мектебімізде аптаның алғашқы күні мазмұнды әрі нәтижелі басталды. Таңғы жиын барысында білім беру үдерісіндегі бірлік, жауапкершілік және алғыс құндылықтары атап өтіліп, бірқатар оқушылар мен шаңырақтар салтанатты түрде марапатталды.

🏀 «Директор кубогі» аясында өткен баскетбол сайысының қорытындысы шығарылып, шаңырақтар арасындағы жарыста жүлделі орын иегерлері анықталды.
📚 7–12 сынып оқушылары республикалық олимпиаданың желілік кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен грамоталарға ие болды.
🚀 Республикалық ғылыми жобалар байқауы мен өңіраралық хакатон жеңімпаздары арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Аталған жетістіктер – оқушылардың жүйелі дайындығы мен табанды еңбегінің, сондай-ақ педагогтердің кәсіби қолдауының нәтижесі.

Жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз және алдағы білім додаларында жоғары нәтижелер тілейміз.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-