logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7–12 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. 📚

03 сәуір 2026 08:02

Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды оқушылардың оқу жетістіктері, үлгерімі және мектептегі білім беру үдерісімен таныстыру, сондай-ақ мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайту болды.

Кездесу барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке форматта кездесіп, әр оқушының білім деңгейі, оқу үлгерімі, пәндер бойынша жетістіктері мен туындауы мүмкін қиындықтары туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, мұғалімдер оқушылардың оқу мотивациясын арттыру, уақытты тиімді пайдалану және білім сапасын жақсарту бағытында өз ұсыныстарымен бөлісті.

Ата-аналар өз тарапынан көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, балаларының оқу процесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Мұндай ашық форматтағы диалог өзара түсіністік пен сенімді арттыруға ықпал етеді.

Білім беру үдерісіндегі ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы – оқушының жан-жақты дамуы мен табысты болашағының маңызды кепілі. 🤝

Фотогалерея

image-
image-
image-