logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌍 Халықаралық тәжірибе – кәсіби даму жолында

01 сәуір 2026 08:11

NIS Түркістан қаласындағы информатика пәні мұғалімі Арман Талғатұлы Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен «Орталық Азия елдерінің STEM пәндері мұғалімдерінің инновациялық әлеуетін арттыру» бағдарламасының II кезеңіне қатысып қайтты.

Аталған бағдарлама Шэньсий педагогикалық университеті базасында 2026 жылдың 23–29 наурыз аралығында өтті.

Бағдарлама «Жасанды интеллект бойынша жалпы білім беру» тақырыбын қамтып, қатысушыларға:

– жасанды интеллектті оқытудың заманауи теориялары мен әдістерін;

– Орталық Азия аймағына бағытталған жобаларды әзірлеуді;

– мәдениет пен технологияны ұштастыру тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік берді.

Оқу барысында мұғалімдер халықаралық тәжірибемен танысып, практикалық дағдыларын жетілдіріп, инновациялық жобалар әзірледі.

Осындай кәсіби даму мүмкіндіктері педагогтердің білім беру үдерісіне жаңа тәсілдер енгізуіне және оқушыларға сапалы білім беруге ықпал етеді.

Фотогалерея

image-