logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Түркістан қаласындағы ЖБМ Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына 2026–2027 оқу жылына жатақханадан орын беру үшін құжаттарды қабылдау екі ағымда жүргізілетінін хабарлаймыз.

22 мамыр 2026 08:16

Құрметті ата-аналар!

Түркістан қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларына 2026–2027 оқу жылына жатақханадан орын беру үшін құжаттарды қабылдау екі ағымда жүргізілетінін хабарлаймыз.

Бірінші ағым: 2026 жылғы 1 маусымнан 12 маусымға дейін.

15–19 маусым аралығында комиссия өтініштерді қарайды, ал 19 маусымда Комиссия шешімі мектеп сайтының «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланады. Заңды өкілдер нәтижемен сайт арқылы таныса алады.

Екінші ағым: 2026 жылғы 18 тамыздан 24 тамызға дейін.

25–26 тамыз аралығында комиссия өтініштерді қарайды, ал 27 тамызда заңды өкілдерге қарау нәтижелері туралы хабарланады.

Оқушының заңды өкілі жеке электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://otinish.nis.edu.kz/ платформасы арқылы жатақханаға өтініш бере алады.

Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесімен

https://schools.nis.edu.kz/ru/school/nzm-turkistan/page?parent_menu=26&menu=50 сайтында таныса аласыздар.

Бейне нұсқаулық: https://youtu.be/1rNFJvxkH3Y