
Хабарландырулар
2025-2026 оқу жылында 7-8 сыныпта ақылы негізде оқу үшін конкурстық іріктеу
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2025-2026 оқу жылында 7-8 сыныпта ақылы негізде оқу үшін конкурстық іріктеу жариялайды.
2025 жылдың 5 маусымынан бастап 18 тамызға дейін үміткерлердің құжаттарын қабылдау жүргізіледі.
Қабылданатын құжаттар:
1.Үміткердің заңды өкілінің өтініші
2. 2024-2025 оқу жылындағы үміткердің оқу үлгерімі табелі (мектеп директорының қолы қойылған және мөрі басылған)
Математика пәнінен емтиханның өту уақыты:
19.08.2025 ж., сағат 10.00