
Жаңалықтар
«Еңбек адамы» тақырыбындағы кітап фестивалі өз мәресіне жетті

28 ақпан 2025 16:17
Назарбаев Зияткерлік мектебінде БҚО «Аманат» партиясы филиалының қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек адамы» тақырыбындағы дәстүрлі кітап фестивалі өз мәресіне жетті. Биылғы фестиваль еңбек адамдарының маңыздылығын дәріптеуге, олардың қоғамдағы рөлін насихаттауға бағытталды.
Қорытынды кеш Алғыс айту күні қарсаңында мектептің кіші қызметкерлеріне ризашылық білдіруге арналған «Ақ раушандар» акциясымен қатар орайластырылды.
Кешке «Аманат» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы консультанты Джумагазиева Жанар Дүйсенгалиевна және «Jaiyk Books» кітап клубының жетекшісі Джумагелдиев Даурен Абылхаирович қонақ ретінде қатысты.
Фестиваль барысында оқырмандар мен әр салада еңбек етіп жүрген мамандар арасында қызықты кездесулер, әдеби пікірталастар ұйымдастырылды. Қатысушылар еңбек туралы шығармалармен танысып, сол мамандық иелерімен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
Фестивальдің жабылу салтанатында үздіктер арнайы номинациялармен марапатталып, алғыс хаттар табыс етілді. «Ең үздік ұйымдастыру шеберлігі»номинациясымен «Хан-Тәңірі» және «Ақжайық» шаңырақтары, «Үздік ұлттық мұраны дәріптеуші»номинациясымен «Жетісу» шаңырағы, « Ең әсерлі баяндау» номинациясымен«Орда» шаңырағы, «Кітап мазмұнымен ұштасқан үздік қойылым» номинациясымен «Алатау» шаңырағы, «Үздік шығармашылық зерттеу»номинациясын номинациясымен «Каспий» шаңырағы, «Ең креативті насихат» номинациясымен «Самұрық» шаңырағы марапатталды.
Осылайша, «Еңбек адамы» тақырыбын арқау еткен кезекті кітап фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл шара еңбек адамының маңыздылығын айқындап қана қоймай, жас оқырмандарға рухани азық сыйлаған маңызды мәдени оқиға болды.