
Жаңалықтар
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары БҚО Ұлттық мектеп лигасында баскетбол жарысының жеңімпазы атанды.

04 наурыз 2025 08:57
Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы Батыс Қазақстан облысы бойынша өткен Ұлттық мектеп лигасында 9-11 сынып оқушылары(ұлдар) арасында баскетболдан «Алтын доп» турнирінде жеңімпаз атанды. Жарысқа өңірдің үздік мектеп командалары қатысып, жеңіс үшін талас жүргізді.
Турнир барысында оқушылар жоғары шеберлік пен командалық рухты көрсетті. 12 команда қатысқан бұл турнирде қарсыластарын сенімді түрде айқын басымдықпен жеңіп, ақтық сында үздік ойын өрнегін көрсетті. Жеңіс жолында әр ойыншының үлесі зор болды, ал жаттықтырушылар Абзал Утеулиевич пен Дильназ Кайратовнаның кәсіби дайындығы команданың жеңісіне үлкен ықпал етті.
Турнир нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «В» сынып оқушысы Бекмуханов Шамиль «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!