
Жаңалықтар
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

06 наурыз 2025 09:04
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындарға ие болды.
Бұл байқау жыл сайын оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, ғылыми әлеуетін арттыру және білімге деген қызығушылығын ынталандыру мақсатында өткізіледі. Биылғы сайыс 2 бағыт бойынша Атырау және Ақтөбе қалаларында өтіп, әр қаладан келген талантты оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жаратылыстану-математика бағыты бойынша Курманов Абай, Нұргелдіұлы Ерасыл - экономика пәнінен II орын (жетекшілері: Рахым А.Б., Бисекенов М.Е.), Избасаров Азат, Иденов Алихан - физика пәнінен III орын (жетекшісі: Хусанова Ж.Б.), Нурланов Мирас, Умарғали Әсер - химия пәнінен III орын (жетекшісі: Сахиева А.Қ.), Баймуканов Анис, Басерова Дильназ - математика пәнінен III орын (жетекшісі: Сисенбаева Ш.Ж.), қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Серіков Адият, Тулегенова Сымбат - тарих пәнінен I орын (жетекшісі: Ашимова Д.Т.), Аманғали Айлана - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен III орын (жетекшісі: Ихсанова А.А.) ие болды. Аталған оқушыларымыз түрлі бағыттарда зерттеу жұмыстарын ұсынып, өздерінің терең білімдерін, аналитикалық ойлау қабілеттерін және инновациялық идеяларын көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ғылыми жетекшілерінің қолдауымен тың зерттеулер жүргізіп, өз еңбектерін жоғары деңгейде қорғады. Олардың жетістіктері – тек жеке еңбектің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар, мектепте берілетін сапалы білім мен ғылыми ізденіс мәдениетінің көрсеткіші.
Бұл жеңіс – болашақ жас ғалымдардың үлкен ғылымға жасаған алғашқы қадамы. Оқушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа табыстарға жетулеріне тілектеспіз!