banner

Жаңалықтар

ОРАЛ NIS ҰСТАЗЫ «ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА - ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

17 наурыз 2025 12:55

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Аружан Алғадайқызы «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында жүлдегер атанды.

Бұл байқау еліміздің үздік педагогтерін анықтап, олардың кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған. Аружан Алғадайқызы өз білімін, жаңашыл әдістерін және шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Бұл жеңіс – жас ұстаздың еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, сондай-ақ жас таланттарды тәрбиелеуге қосқан үлесінің дәлелі. Орал NIS ұжымы әріптесін шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер тілейді!

Фотогалерея

image-
image-