Еуропалық білім беруді зерттеу қауымдастығының жыл сайынғы конференциясына Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары қатысты

26 ақпан 2024 22:25

ECER 2022 Еуропалық білім беруді зерттеу қауымдастығының жыл сайынғы конференциясы биыл Армения мемлекеті астанасы Ереван қаласында өтті. Соғыстар, індеттер, табиғи апаттар білім сапасына, оқу-әдістемелік зерттеулердің тиімділігіне әсер етеді. Бұл зардаптарды қалай жеңуге болады, білім беруді қалай ынталандыруға болады? Дәл осы мәселелерді Арменияға әлемнің әр түкпірінен – Шотландиядан, АҚШ-тан, Австралиядан және басқа елдерден келген білім саласындағы зерттеушілер талқылап, бөліседі және бір-біріне сәтті тәжірибелері туралы айтып береді. Тамыз айының 23-26 аралығында өтіп жатырған конференцияға мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақбөбек Есенқұлова , және орыс тілі пәнінің мұғалімі Шынар Шерубаева қатысуда. Конференцияға қатысып жатырған НЗМ ұстазы Шынар Мәлікқызы - «Оқушылардың дәлелді эссе жазу қабілетін қалай жақсартуға болады?» тақырыбында сөз сөйлеп, шетелдік ұстаздармен тәжірибе бөліскен.- «Физика және ағылшын тілі сабақтарындағы белсенді оқыту әдістерін салыстыру» тақырыбында Ақбөбек Есенқұлова зерттеу жұмысын қорғады. ЕCER 2022 конференциясына қатысуға 54 елден, соның ішінде АҚШ, Австралия және Африка елдерінен өтінімдер түскен. 800 қатысушы осы күндері Ереван мемлекеттік университетінде өтіп жатқан шараларға қатысуда. Айта кетейік конференция посткеңестік елдерде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.