banner

Мектеп туралы

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Алматы қаласындағы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдың 11 тамызында ашылды. Қазақстан бойынша ашылған 19-шы мектеп болып саналады. "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" негізгі міндеттері оқушылардың ағылшын, қазақ және орыс тілдерін меңгеруі, сондай-ақ тұжырымдамалық ойлау мен сыни талдау дағдыларын дамыту болып табылады.

Мектептің миссиясы-жоғары сапалы білім беру және үш тілді орта құру, сонымен қатар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Мектепке қабылдану үшін оқушылар  негізгі пәндер бойынша қабілеттерін бағалайтын конкурстық іріктеуден өтеді. Екі сатылы қабылдау тесті    математика, жаратылыстану, қазақ, орыс және ағылшын тілдері  және кеңістіктік ойлау дағдыларын тексеруді қамтиды.  Іріктеу құралдарын қазақстандық мамандар CITO (Нидерланды) және CTY (Джонс Хопкинс Университеті, АҚШ) бірлесіп жасайды. Үздік нәтиже көрсеткен үміткерлер «Өркен» мемлекеттік гранты иегері атанады. Мектепте ішкі қалыптастырушы және қорытынды бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз сыртқы бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүргізіледі. Сыртқы қорытынды бағалау Халықаралық Кембридж емтихан кеңесімен (Ұлыбритания) бірлесіп жүргізіледі.