- /
- Новости /
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа директор тағайындалды
19 тамыз 2024 15:09
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарамасының Төрағасы Ануар Қанатұлы Жанғозин мектеп ұжымына Зияткерлік мектептің директор лауазымына тағайындалған Зәмірбекқызы Маслихатты таныстырды.
Маслихат Зәмірбекқызы 1986 жылы Ақтөбе облысының Шалқар қаласында туылған. 2007 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Стандарттау, сертификаттау, метрология» мамандығын аяқтады. 2009 жылы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Экономика магистрі 2020-2023 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша докторантура бағдарламасы бойынша білім алды. Педагог шеберлігі сарапшы-мұғалім болып табылады.
2012 жылы «Қаржы Академиясы» АҚ «Экономика» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады. 2013-2018 жылдар аралығында Астана қаласындағы «физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында экономика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2018 жылдың тамызында Қостанай қаласындағы «физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарды. 2022 жыл мен 2023 жыл аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының мониторинг және сыртқы бағалау бөлімінде менеджер қызметін атқарды, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Түркістан қаласындағы «химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды.
Маслихат Зәмірбекқызы «Экономика» пәні бойынша оқушылар мен мұғалімдердің сапасын бағалау құралдарын әзірлеуші, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау бойынша тренері, халықтың статистикалық сауаттылығын арттыру бойынша «International Statistical Literacy project» жобасының сo-координаторы, кіріктірілген тілдік оқыту (CLIL) бойынша тренері қызметтерін атқарып келді.
Маслихат Зәмірбекқызы CLIL әдістемесі бойынша тренерлерді оқыту курсын (2014 ж., Ұлыбритания), 2016 жылы Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Сассекс университетінде тағылымдамадан, IASL оқыту семинарын (2019 ж., Хорватия), тағылымдамадан «Academic leadership and innovative management of schools» (2024г., Бельгия) өтті.