Зияткерлік мектеп басшылары көшбасшылықтың жаңа моделіне көшуді талқылады

23 тамыз 2024 16:58

Ақтауда өтіп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі тамыз кеңесі аясында сертификатталған бизнес-тренер, психолог, ICBT Халықаралық мектебінің аккредиттелген тренер-оқытушысы Людмила Серикбаева «Көшбасшылық 360: тиімді коммуникация биіктікте» курсын өткізді. Зияткерлік мектептердің директорлары мен олардың орынбасарлары курс барысында көшбасшылық құзыреттілік деңгейін арттыру мен тиімді коммуникативті дағдыларды жетілдіру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ іскерлік ойындар өткізіліп, ситуациялық сұрақтар талданды. Іс-шараға қатысушылар көшбасшылықтың жаңа моделіне көшу, менеджменттегі заманауи сын-қатерлер мен тенденциялар, жедел өзгерістер жағдайында көшбасшы рөлін зерделеді. Мектеп басшылары курста алынған теория мен тәжірибенің әріптестермен, ата-аналармен және оқушылармен жұмыс жасауда маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, NIS-тің дәстүрлі тамыз кеңесі өз жұмысын 22 тамызда бастады.