СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ

02 қыркүйек 2024 11:15

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім- мейірімді мекенім» салтанатты жиын өтті.

Зияткерлік мектептің директоры Маслихат Зәмірбекқызы мерекелік шараны алғы сөзбен ашып, үш тілде мектеп қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады, жас зияткерлерді біліморданың атын биік ұстайтын ұрпақ болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар мектептің түлектері, оқушылары мен ұстаздардың жазғы айтулы жетістіктері атап өтілді.

Шараның басты кейіпкерлері, 7-ші сынып оқушылары - “Өркен” грантының биылғы жылғы иегерлері зияткер қатарына салтанатты түрде қабылданды. Мерекелік жиынды Зияткерлік мектептің «Rakhym’s club» хореографиялық ансамблі, вокалистер, «Нұр сазы» халық аспаптар оркестрі ән-би-күй шашумен көркемдеп, дәстүрге айналған 8-сыныптардың домбырашылары мен 7-ші сынып оқушыларының би флешмобы аяқтады. Алғашқы қоңырау беру рәсімі Зияткерлік мектептің 12-ші сыныптың үздік оқушысы Аида Оралбекова мен конкурстық іріктеуден ең жоғары нәтиже көрсеткен 7 «А» сынып оқушысы Серікбай Марғұланға табысталды. Білім күніне арналған салтанатты жиын «Мектебім-мейірімді мекенім» тақырыбындағы тәрбие сабағымен жалғасты.