Әлем педагогтарының назары WALS-2024 конференциясында

25 қыркүйек 2024 13:00



Елордада осы күндері өтіп жатқан Дүниежүзілік сабақты зерттеу қауымдастығы конференциясында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS мұғалімдері қатысуда.

Педагогтар “Lesson Study” әдісі бойынша жеткен жетістіктерімен халықаралық ғалымдар мен сарапшыларды таныстырады.

Бүгінгі күн тәртібіндегі постер сессиясында 76 зерттеуші баяндама жасады.

Нара Педагогикалық Университетінің (Жапония) профессоры Такаши Накай постерлік сессияның негізгі идеясын былайша анықтады: «Мұғалім үшін тек білімді жеткізу ғана емес, сонымен қатар студенттің қызығушылығын ояту және сақтау маңызды».

Постер сессиясында оқытудың көптеген инновациялық әдістері ұсынылды. Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология және бейнелеу өнері мұғалімдері Торғаева Е.А., Арыстанова Г.А., Кабаржан Ж.Қ. Ермилова Е.В., Омарханова А.К. STEAM тренингі арқылы кіріктірілген сабақтарын көрсетті.

Көрмеде сыни және шығармашылық ойлауды дамытудың тиімді стратегиялары бойынша зерттеулер де ұсынылды.