- /
- Новости /
Ғылыми жобалар байқауы желілік кезеңінің жүлдегерлері
01 қараша 2024 18:12
Қарағанды және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша "Дарын" республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңі мәресіне жетті. Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы NIS командасы 6 жүлделі орындарға ие болды.
Жаратылыстану-математикалық бағытта:
I орынды "Қолданбалы математика" секциясында 11 сынып оқушысы Дархан Қаракұлов жеңіп алды, "Шведов-Бингам теңдеуі негізінде біртекті ньютондық емес сұйықтықтардың қозғалысын сипаттайтын математикалық модель құру" жобасымен, жетекшісі физика пәні мұғалімі Чакенов Ернұр Ерланұлы
Осы санаттағы II орынға 10-сынып оқушысы Ержан Еркежан "Ықтималдырықтар үлестірімдерінің функцияларын қолдана отырып тұтынушы мәселелерін шешу" жобасымен ие болды , жетекшісі – математика пәні мұғалімі Атамбаева Жидекүл Алғабасовна
"Химия" категориясында II орынмен 11-сынып оқушылары Амина Хамза мен Ілияс Серибай "Цеолит негізіндегі сорбент көмегімен бұрынғы суларды мұнайдан тазарту " жобасымен марапатталды, жетекшісі –Кемал Бибіжан Ғазизқызы
"Биология" секциясында III орынды 9-сынып оқушысы Тимур Сакиев "PHysarum polycephalum көмегімен Қазақстанның жол желісін жоспарлау" жобасымен жеңіп алды. Жетекшісі- биология пәнінің мұғалімі Арыстанова Гүлжихан Амангельдиевна
Қостанай қаласында гуманитарлық бағытта өткен сайыста:
"Қазақстан тарихы" секциясында І орынға 12- сынып оқушысы Даниял Айдаров Серікбай Ақаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жобасымен ие болды Жетекшісі - Шаянбаева Салима Боскынбаевна.
"Орыс тілі мен әдебиеті" санатында 10-сынып оқушыларының Аяна Амантур мен Әйгерім Баймұхаметова әзірлеген монополия әдеби ойыны II орынды әкелді. Жетекшісі- орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Гүлмира Кенесхан