banner

Мектеп тарихы

  • /
  • Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

 

Алатаудың етегінде орналасқан   сәулеттік сұлулығымен тартатын Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі биіктіктен қызғылт сары сәулелерін шашыратқан күнді бейнелейді. Ол бекер емес. Мектеп табалдырығын аттаған әр оқушы білімге, шығармашылыққа, адамдарға, қоршаған ортаға және ғаламға деген сүйіспеншілік орнаған ортаға еніп, айналасындағы әлемді жақсартуға бағыт алады.

2015 жылғы 11 тамыздан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептер отбасындағы он тоғызыншы мектептің тарихы басталды.

Мектеп Қазақстандағы ең ірі мектеп болып табылады, 2024 жылғы 1 қыркүйекте 1 220 оқушы оқиды. Аумағы 5,7 гектардан асады. Ғимараттардың жалпы ауданы 103 мың шаршы метрден асады. Мектеп ауласында футбол, баскетбол, үлкен теннис алаңы, сондай-ақ алмалы бақ, шырша мен жапырақты ағаштар отырғызылған түлектер аллеялары бар. Ғимарат 9 блоктан тұрады, 70 оқу сыныбы мен 25 зертхана орналасқан. Дәстүрлі оқу кабинеттері мен зертханадан басқа интеграция, техникалық модельдеу, STEM-оқыту, нано-био-технологиялар, робототехника, жеке сабақтар және психолог кабинеттері бар. Физика, химия, биологияның кеңейтілген зертханалары халықаралық заманауи талаптарға сай келеді.

Мектепте оқушылардың спорттық және шығармашылық дағдыларын дамытуға екі жабық спорт залдары, тренажерлық, хореография залдары, телерадиостудия бар.

270 орындық жатақхана, еліміздің басқа да қалаларынан келген дарынды оқушылардың осы мектепте білім алуына мүмкіндік береді. 

Үш залдан тұратын кітапхана оқу-әдістемелік құралдармен, классикалық көркем әдебиеттермен, медиатекамен жабдықталған. Кітапхана оқушыларға ізденіс жұмыстарын жүргізіп, алынған ақпараттарды талдайтын ақпараттық орталық ретінде көмек береді. Түрлі шараларды өткізуге 480 орындық акт залы, 100 орындық дәрісхана, 50 орындық конференц-зал ыңғайлы етіп салынған.Оқушылар 1000 орындық екі асханада тамақтанады.

   Мұғалімдер құрамы 142 жоғары білікті мамандардан құралады. Оның ішінде 52 модератор, 21 эксперт, ғылым кандидаттары–3, магистр -74.

Он жылға жуық тарихында   Назарбаев Зияткерлік мектебінде интеграцияланған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды сәтті енгізумен қатар, мектепте жаратылыстану профилін таңдаған оқушылардың шығармашылық және зерттеу қабілеттері барынша толық ашуда қарқынды жұмыс жасалуда. Бұған республикалық және халықаралық   байқауларда оқушыларымыздың үлкен жетістіктері дәлел бола алады.  Зияткерлердің әрбір жобасы  түрлі бағытта әзірленіп адамдардың өмірін, мекендеу ортасын және денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Зияткерлік мектептің мақтан ететін оқушылар қатарында Чикаго Университетінің студенті Ильяс Муслимхан, химия бойынша ТУЙМААДА халықаралық олимпиадасының алтын медалінің иегері Еңлік Бахытбекова, Шырмауық Лигасына кіретін Dartmouth College  жоғары оқу орнының   толық грант иегері  Рамина Асқарова, New York Abu Dhabi University  грантының иегері, оқу озаты Айгерім Шақанова, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының, басқа да беделді сайыстардың жүлдегері Ринат Аманкос және т.б

Зияткерлік мектеп халықаралық серіктестік аясында Германияның Эрнст Аббе гимназиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Оқушыларды халықаралық білім беру кеңістігіне табысты кіріктіру үшін мектептер арасында оқушылардың белсенді алмасу бағдарламасы жолға қойылған.

 

Мектепте оқу уақыты сағат 7.45-те басталып, 16.45-де аяқталады. Сабақ уақытында оқушыларға үш мезгіл тамақ беріледі, жатақханада тұратын оқушылар үшін бес мезгіл тамақ ұйымдастырылған. Сондай-ақ, оқу уақытында балаларға кітап оқуға (Reading times), қозғалыс белсенділігіне де уақыт берілген (флешмоб). 

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Наурызбай ауд., Калкаман-2 ы/а, Ә.Елібаева,2

Тел.: 8 (727) 338-33-00 (қабылдау бөлмесі).