«KiVa» БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

16 тамыз 2024 15:34

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS-те «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасы бойынша тірек мектеп қызметкерлері үшін аймақтық семинар-тренинг өтті. 4 күн бойына «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасы аясында біліктіліктерін арттырған Буланды ауданы Макинск қаласы «Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі КММ, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы Жайық Бектұров атындағы №3 ЖОББМ, Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы ЖОББМ, Астана қаласындағы «№72 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК мамандарына арнайы сертификаттар табысталды.

Аталған бағдарлама буллинг жағдайларының алдын алу, буллингпен күресу және оны тоқтатуға бағытталған. Қазіргі уақытта халықаралық деңгейде кеңінен таралған KiVa бағдарламасы Финляндияда 2009 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл бағдарламаны Финляндияның Білім және мәдениет министрлігінің қаржыландыруымен Турку Университеті әзірлеген. Тиімді нәтижелер көрсеткен бағдарлама бүгінгі таңда Қазақстанғада енгізілу үстінде.

Семинардың басты мақсаты тірек мектеп қызметкерлеріне «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасын мектепте тиімді жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар мен білімдерді жеткізу болып табылады. Осы орайда, қатысушылар жалпы бағдарлама жайлы түсінік орнатып, KiVa бағдарламасының тиімділігі, әмбебап және арнайы әрекеттері жөнінде білді. Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, тақырыпқа сай ойындар ойнап, кері байланыс берді.

Семинарды «KiVa» буллингке қарсы бағдарламаның аймақтық тренерлері, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары А. Нурышева және педагог-ұйымдастырушы-кураторлар А. Жакина, Г. Қасым, Г. Бостекова жүргізді.