🌱Мұғалімдердің біліктілігін арттыру: iEARN тренингі

07 қазан 2024 12:09

Зияткерлік білім ордасында педагог мамандарға арналған iEARN халықаралық жобаларында жұмыс істеу бойынша оқыту тренингі өткізілді. Айта кетейік, бұл жобаларға қатысу зияткерлерге де бірегей мүмкіндіктер береді. Олар тек жобалармен айналысып қана қоймай, өз нәтижелерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, олардың белсенді қатысқанын растайтын халықаралық сертификаттардың иесі атанады, бұл өз кезегінде зияткерлердің портфолиосына оң әсерін береді.

Аталған оқыту тренингіне мектептің 16 педагог мамандары қатысты. Онымен қоса, STEAM зертханасының лаборанты Айжан Әлімғазиева және Астана қаласындағы NIS-тің IT және ITT кеңейтілген зертханасының жетекшісі Бауыржан Ашырали шақырылды. Тренингті iEARN волонтері және халықаралық кеңесші Павле Твалиашвили (@pavlepapa) жүргізді. Ол 2000 жылдан бері iEARN жобаларының үйлестірушісі әрі SIQA – Грузияның білім беру бастамалары қауымдастығының негізін қалаушысы.



Мұндай оқыту тренингтері мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға елеулі ықпал етеді. Олар жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, халықаралық жобалармен жұмыс жасау тәжірибесін жинақтайды, бұл өз кезегінде оқыту процесін сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік береді. Мұғалімдер өз оқушыларына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа білім беру әдістерін ұсына алады, осылайша оқу процесін қызықты әрі тиімді етеді.