- /
- Новости /
🌱«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» атты өнегелі кездесу өтті
09 қазан 2024 11:28
Зияткерлік оқу ордамызда «Ұрпақтар сабақтастығы»жобасы аясында « Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» атты кездесу кеші өтті.
Жиын барысы мектеп ата-аналарының арасынан 9 сынып оқушыларының зейнетке шыққан, ұстаздық жолда еңбек еткен асыл қарттарымызбен бірге өткізілді. Өнегелі кездесудің мақсаты, тәрбие жобалары арқылы қарт қазыналарымыз бен бүгінгі болашақ жастар арасында байланыс орнату, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар жадына сіңіру.
Мәдени шарада ата-әжелеріміз ұстаздық жолымен қатар, сырлы әңгімелерімен бөлісті. Өткен заманның бейнесін өз естеліктерімен қазіргі қоғаммен салыстыра отырып, әдемі әңгіме өрбітті.
Өнегелі кездесуде мектеп оқушылары ата-әжелерімізге шығармашылық тартулар жасап, ерекше көңіл-күй сыйлады.